» » Кітап көрмесі ұйымдастырылды

Кітап көрмесі ұйымдастырылды

Шерхан Мұртаза-Қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы, публицист, алаш арманын ту қылған, ар-намысы алдаспанның жүзінде ойнаған ұлы тұлға.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ аулында дүниеге келген. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. "Лениншіл жас"," Социалистік Қазақстан "газеттерінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жылдары" Лениншіл жас" газетінің редакторы, "Жазушы" баспасының, "Жалын" альманахының, "Жұлдыз" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
1989-1992 жылдары "Егемен Қазақстан " газетінің бас редакторы, 1992-1994 жылдары ҚР мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған. Жазушының әр жылдары "Табылған теңіз" (1963), "Белгісіз солдаттың баласы" (1969), "Ахметжанның анты" (1973), "Мылтықсыз майдан" (1977), "41 жылғы келіншек"(1972)," Интернат наны"(1974), "Қара маржан" (1977), "Қызыл жебе"," Ай мен Айша" романдары, шығармаларының 4 томдығы, 6 томдығы, 7 томдығы "Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда" (1998), "Бір кем дүние" (2008) кітаптары жарық көрген.
Қазақ руханиятында ұлт қаламгерінің ұлы мектебін қалыптастырған, әдебиетіміздің алыбы, мемлекет және қоғам қайраткері-Шерхан Мұртазаға-90 жыл толып отыр, осыған орай ауылдық кітапханада "Қаламы семсер сері еді" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесімен оқырмандар танысуда.
04 тамыз 2022 ж. 1 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930