» » » Өлмейтұғын артына із қалдырған...

Өлмейтұғын артына із қалдырған...

ЖОСАЛЫ, 13 маусым – qarmaqshy-tany.kz Әуезхан Қодар 1958 жылы 12 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы совхозында дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1982–1985 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, заңгер. 1985 жылдан бастап туындылары республикалық және одақтық баспасөзде жариялана бастады. 1986 жылы республикалық шығармашылық жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты.

1989–1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакциялық Бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1994 жылдан бері Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1995–1997 жылдары М.О.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының көркемдік кеңесінің мүшесі. 1997–1998 жылдары Неміс театр академиясында философия тарихынан сабақ береді. 1999 жылдан бері «Тамыр» журналының бас редакторы. 1999–2001 жылдары Сорос–Қазақстан халықаралық қорының Басқарма мүшесі. Философия ғылымдарының кандидаты.

Қазақ және орыс тілінде жазады. «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қазақ тіліне Е.Замятиннің «Атилла» драмасын, М.Хайдеггер мен Х.Гасеттің философиялық жұмыстарын, К.Швиттерстің өлеңдерін аударған. «Батыс философиясы антологиясының» авторы және ұйымдастырушысы. «Астана» медалімен марапатталған (1998). «Парасат» орденінің иегері (2006).

Ауданымыздың тумасы бір туар азамат Әуезхан Қодар тірі болғанда 62 жасқа толар еді. Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы?! Өлмейтұғын артына із қалдырған...

13 маусым 2020 ж. 1 061 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031