» » » Бүгін - Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл

Бүгін - Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл

Бүгін - қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, жазушы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің туған күні, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бұрынғы Тайпақ қазіргі Ақжайық ауданының Жыланды деген жерінде дүниеге келген. 1940 жылы Оралда ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, 1940-47 жылдары Кеңес армиясы қатарында Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1948-1952 жылдары республикалық "Лениншіл жас" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1955-1956 жылдары "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары, ал 1958-1963 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы қызметін атқарды. 1953-1954 және 1963-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, 1979-1983 жылдары бірінші хатшысы болды. Ол сондай-ақ КСРО Жазушылар одағы басқармасының, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, "Новый мир" журналы мен "Библиотека поэта" басылымы редакциялық алқасының мүшесі қызметін атқарып, КСРО және Қазақстан Жоғары Кеңестерінің депутаты болып сайланды.

Ақиық ақынның "Ленин тірі" атты алғашқы өлеңі облыстық "Комсомол ұрпағы" газетінде 1939 жылы жарық көрді. Сол жылы облыстық "Екпінді құрылыс" газетінде "Менің антым", "Кел, жолдастар, жырлайық" өлеңдері баспада жарияланды. Оның тұңғыш жинағы 1949 жылы "Жеңіс жырлары" деген атпен басылды. Содан кейінгі жылдары ақынның алпыстан астам кітабы жарық көрді. Әсіресе, 1964 жылы жарияланған "Мен - қазақпын" атты поэмасы қазақ әдебиетінің көрнекті шығармасына айналды.

Оның сондай-ақ "Жесір тағдыры", "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" сынды поэмалары оқырманның жастана жүріп оқитын шығармаларына айналды. Ол "Кісен ашқан" поэмасы үшін 1970 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды. Кейінірек, сегіз жылдан соң, КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Бүгінде оның өлеңдері мен дастандары көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Ленин, екі мәртеден Еңбек Қызыл Ту және екінші дәрежелі Отан соғысы, сондай-ақ "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ КСРО Қорғаныс министрлігі сыйлығының лауреаты және А.Фадеев атындағы алтын медальдің иегері болды. 1985 жылы "Қазақстанның халық жазушысы" атағы берілді.


05 қазан 2020 ж. 1 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031