» » Жыр жаттап жарысты

Жыр жаттап жарысты

qarmaqshy-tany.kz Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен жас оқырмандар арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім оқуларының» аудандық байқауы өтті.

Іс-шарада қазақ халқының ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын насихаттап, оның өлеңдерін жаттауда кітапхана оқырмандары белсенділік танытты.
Байқауға «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева, облыстық Тілдерді дамыту орталығының аудандағы мемлекеттік тіл оқытушысы Гүлжанат Дүзенова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлшара Қаниевалар төрелік етті.
Сайыстың қорытындысы бойынша Балалар кітапханасының оқырманы Әбілмансұр Жандосұлы бас жүлдені қанжығасына байлап, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілетін байқауға жолдама алды. Ал Нұрдилназ Шамша І орын, Алдашбай ауылдық кітапханасынан Мәди Елдес ІІ орын, Төретам ауылдық кітапханасынан Ернар Сарқытбаев ІІІ орынды иеленді.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
23 ақпан 2023 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 798

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930