» » Қадірлі жерлестер!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді көктемнің шуағымен жеткен, жаңару мен жасампаздықтың бастауы – Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – табиғат пен адамзаттың үндестігін паш ететін, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсететін мейрам. Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейтін, ырыс пен ынтымақтың, мейірім мен берекенің символы.
Ежелден қазақ халқы бұл күні кешірім мен келісімді, ізгілік пен мейірімді ту етіп, ақ дастарқан жайып, жеті түрлі дәмнен әзірленген наурызкөжеден дәм татқан. Бүгінде осынау тамаша дәстүрлер қоғамды рухани жаңғыртуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге ықпал етіп келеді.
Биыл Наурыз мейрамы ел көлемінде ерекше салтанатпен, кең ауқымда тойланды. Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген Наурыз мейрамын жаңаша атап өтудің тұжырымдамасына сәйкес, 14-23 наурыз аралығында елімізде «Наурызнама» онкүндігі ұйымдастырылды.
Бүгінде ауданымыз әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты арта түсуде. Жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, кәсіпкерлік пен өндіріс саласы өркендеп, инфрақұрылым жүйесі жақсарып келеді. Бұл – елдің бірлігі мен ынтымағының, еселі еңбектің жемісі.
Сонымен қатар, ел бірлігін бекемдей түсетін маңызды алаң – Ұлттық құрылтай биыл Арқаның көрікті өлкесі Бурабайда өтіп, мемлекеттік даму жолындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жиында құрылтайдың келесі отырысын Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласында өткізу туралы ұсынысын жеткізді. Бұл – өңіріміздің рухани-мәдени маңызының айқын көрінісі.
Қадірлі ағайын!
Осынау Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа ырыс-несібе, қуаныш пен молшылық әкелсін! Қасиетті бабаларымыздың ақ батасы қабыл болып, халқымыздың ынтымағы арта берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
22 наурыз 2025 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930