» » ҚАРМАҚШЫДА «ЖАҢАРУ КҮНІНЕ» ОРАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА «ЖАҢАРУ КҮНІНЕ» ОРАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ


Көктемнің шуақты күндерінде табиғатты жаңғыртып, көркейту – Наурыз мерекесінің басты құндылықтарының бірі. Осыған орай, Қармақшы ауданында «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында «19 наурыз – Жаңару күні» құрметіне ағаш отырғызу акциясы өтті.

Аудандық дене-шынықтыру және сауықтыру кешені алаңында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, ардагерлер кеңесінің мүшелері, әйелдер кеңесі, орман шаруашылығы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, спортшылар және белсенді жастар қатысты.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, жастарды экологиялық мәдениетті дамытуға шақырды.

Акция аясында 200 түп ағаш егілді, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл игі бастама ауданның барлық елдімекендерінде жалғасып, көктем мерекесінің ажарын аша түсті.

Жасыл желек – болашаққа қамқорлық. Табиғатты аялау ісі алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

19 наурыз 2025 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930