» » ҚАРМАҚШЫДА «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР» КҮНІ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР» КҮНІ ӨТТІ


Наурыз – жаңару мен бірліктің, салт-дәстүрдің ұлықталатын мейрамы. Осыған орай Қармақшы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні кең көлемде ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттауға бағытталған мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, мейрамды ерекше көңіл-күймен қарсы алды.

Аудандық орталық алаңда ұлттық дәстүрлерден театрландырылған көріністер қойылып, көпшілік назарына халқымыздың бай мұрасынан сыр шертетін көріністер ұсынылды. «Бесікке салу», «Қыз ұзату», «Беташар» дәстүрлері сахналанып, қазақы жөн-жоралғы көріністерімен ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, ұлттық өнерді дәріптеген қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылып, тыңдармандардың ықыласына бөленді.

Жас бүлдіршіндер қазақтың мың бұралған билерін билеп, аудан өнерпаздары әсем әндерімен мерекенің шырайын аша түсті. Жастар жағы алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнап, думанды кештің ажарын кіргізді. Келушілерге арналып кең дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, тұрғындар мен қонақтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев көпшілікті береке мен ынтымаққа шақырып, ақ батасын берді.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары ардагерлермен бірге аудандық ауруханаға барып, «Шаңырақ күні» дүниеге келген сәбилердің аналарына аудан әкімінің құттықтауын табыстап, оларға ізгі тілектерін жеткізіп, баталарын берді.

17 наурыз 2025 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 397
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728