Топ-баннер
Топ-баннер2
» » » 16 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні


Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы «Наурызнама» онкүндігі жалғасын табуда. Осыған сәйкес, 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аталып өтуде.

Бүгін Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің алаңында сал-серілер келіп қонақтап, халық әндерінен шығармалар орындап, күй тартыс және термелер орындалды. Жиынға жиналған жұртшылық бесікке салу, тұсаукесер, сырға салу және қыз ұзату рәсіміне куә болды. Ардақты ағаларға арнайы қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Салт-дәстүрлердің барлық ырымдары мен жол-жоралғылары орындалды. Үлкендер тарапынан бата-тілектер білдіріліп, шашу шашылып, ырым жасаған жандарға көйлек, жаулық секілді сый таратылды.

Қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық салт-дәстүрі – ұлттың мәдени коды болып табылады. Бұл күн ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, салт-дәстүрімізді дәріптейтін, қазақы болмысымызды айшықтайтын ерекше күн.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 наурыз 2024 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031