» » ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесі бойынша мәжіліс өтті. Отырыста мекеме, кәсіпорын басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында аудан әкімі нақты сектордың халық тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды салалар – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік секторларын қамтитынын атап өтіп, оларды қаржыландыру тетіктерін тиімді іске асыру қажеттігін айтты. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында 2024 жылы жалпы құны 2,5 млрд теңге болатын 134 жобаға несие бөлінгені баяндалды.

Аудан әкімі өндірістік бағыттағы жобаларды қаржыландыруға басымдық беруді тапсырды. Жыл соңына дейін кемінде 20 өндірістік жобаны қаржыландыру қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті.

Кент және ауылдық округ әкімдеріне жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің уақтылы әрі заң талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, отырыста Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізу мәселелері қарастырылып, мерекелік іс-шаралардың жоспары пысықталды. Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіліп келеді. Биыл да бұл дәстүр жалғасып, әр күнге арнайы тақырыптар бекітілді. Мерекелік шаралар «Көрісу күні – Амал мерекесінен» басталып, «Қайырымдылық күні», «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні», «Шаңырақ күні», «Ұлттық киім күні», «Жаңару күні», «Ұлттық спорт күні», «Ынтымақ күні», «Жыл басы» және 23 наурыздағы «Тазару күні» ретінде жалғасады. Наурызнаманың қорытындысы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция ұйымдастырылып, «Тазалық эстафетасы» бастау алады.

Аудан әкімі жауапты мекемелер мен ұйымдарға Наурыз мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, халықтың белсенді қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.

05 наурыз 2025 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031