» » Тазалық мәселесі басты назарда

Тазалық мәселесі басты назарда


Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде ауданда «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру барысы талқыланды. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, кент, ауылдық округі әкімдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Аудан әкімінің тапсырмасымен аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс, жөндеу және абаттандыру жұмыстарына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысшы топ құрылған болатын. Жұмысшы топ аудан көлеміндегі барлық ғимараттың жай-күйі, сыртқы қоршаулары, санитарлық тазалығы және бұл бағыттағы қаржыландыру мәселелеріне бақылау жұмыстарын жүргізді.

"Бүгінде аймақ бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасын тауып, апта сайын сенбілік ұйымдастырылуда. Алайда бірқатар елді мекендерде тазалық мәселесіне келгенде әлі де кемшілік көп. Жиналған қоқыс пен жөндеуді қажет ететін нысандардың сыртқы көрінісі, сыры кеткен қоршаулар, сондай ақ, ескі ғимараттар әр ауылдың көркін қашырып тұр", деді жиын барысында аудан әкімі.

Жиында аудан басшысы кемшіліктерге жол берген кент, ауыл әкімдеріне қатаң ескерту беріп, аталған жұмыстарды қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды.

17 шілде 2024 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930