» » «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың бас ты міндеті. Сенбіде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары барлық кент, ауылдық округ аумағында жалғасты.
Сенбілік жұмыстарына бір кісідей қатысқан барлық мекеме қызметкерлері өздеріне бөлінген аймақтардағы көшелер мен жол жиектерін, арықтар мен әлеуметтік нысандардың айналасын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына 14 елді мекеннен 120 мекеме қызметкері жұмылдырылып, барлығы 1230 адам және 16 техника қатысып, 9,3 тонна күл – қоқыспен, тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
Табиғат тазалығы – халық саулығы екенін ескерсек, айнала қоршаған ортамызды, табиғатты таза ұстау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу берері анық. Осы ретте, аудан тұрғындары айналамызды, өз аумағымызды таза ұстап, туған жерімізді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына немқұрайлы қарамаса екен. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!
«ҚТ» ақпарат
26 маусым 2024 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 713
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 456

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031