» » Тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейді

Тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейді

Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде ауданда «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру барысы талқыланды. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.
Аудан әкімінің тапсырмасымен аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс, жөндеу және абаттандыру жұмыстарына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысшы топ құрылған болатын. Жұмысшы топ аудан көлеміндегі барлық ғимараттың жай-күйі, сыртқы қоршаулары, санитарлық тазалығы және бұл бағыттағы қаржыландыру мәселелеріне бақылау жұмыстарын жүргізді.
– Бүгінде аймақ бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасын тауып, апта сайын сенбілік ұйымдастырылуда. Алайда бірқатар елді мекенде тазалық мәселесіне келгенде әлі де кемшілік көп. Жиналған қоқыс пен жөндеуді қажет ететін нысандардың сыртқы көрінісі, сыры кеткен қоршаулар, сондай ақ, ескі ғимараттар әр ауылдың көркін қашырып тұр, – деді аудан әкімі.
Жиында аудан басшысы кемшіліктерге жол берген кент, ауыл әкімдеріне қатаң ескерту беріп, аталған жұмыстарды қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
21 шілде 2024 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 614
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930