» » Даму динамикасы талқыланды

Даму динамикасы талқыланды

qarmaqshy-tany.kz Бейсенбіде аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары мен мекеме, кәсіпорын басшылары және кент, ауылдық округі әкімдері қатысты. Жиында «Ауданның макроэкономикалық және индикативтік көрсеткіштерінің орындалуы және мемлекеттік сатып алу жұмыстарының барысы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулланың баяндамасы тыңдалды
Осы ретте аудан басшысы осы жылдың 5 айында ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқанын, дегенмен индикативтік көрсеткіштердің деңгейі төмен екенін айтып, тиісті сала басшыларын қатаң сынға алды. Оның ішінде ана мен бала өлімінің алдын алу және халықты жұмыспен қамту жұмыстарына аса мән беруді тапсырды. Жол жөндеу, құрылыс және абаттандыру жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды мақсатты игеріп, ел игілігіне пайдалануға беру үшін кент, ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік сатып алу жұмыстарын мерзімінде атқаруды да назарға алды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталмаған және мерзімінде жарияланбаған сатып алу конкурстарына байланысты сала басшыларына қатаң ескерту жасады.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, «Кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Біржан Өмірзақов баяндады.

– Ауданның кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштері біршама өскен. Дегенмен, ауданға кәсіпкерлік саласына тартылған қаржының 81,8 пайызы Жосалы, Төретам кентіне тиесілі. Қалған ауылдық округтер бойынша кәсіпкерлік саласына тартылып жатқан қаржы көлемі аз, – деген аудан басшысы жұмысты жетілдіру қажеттілігіне тоқталды.

Осыған байланысты кент, ауылдық округтер әкімдеріне кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында шаралар қабылдауды, оның ішінде бақша және сүт өңдеу бағытында жаңа бастамаларды іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Мәжілісте «Кент, ауылдық округі тұрғындарының бақша егу жұмыстарының барысы туралы» аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров хабардар етті.

Аудан әкімі тұрғындар тарапынан егін егу жақсы жүріп жатқанын және оған қажетті аяқ сумен қамтамасыз етуді, әсіресе күннің аптапты ыстығы сезілетін шілде-тамыз айларында аяқ су мөлшерін жеткілікті түрде қамтамасыз етуді ескертті. Мұнан бөлек, бақша өнімдері мен қауынқарбыздың ұзақ сақталатын сортын егу және өңдеу, қауыншек, қауынқұрт дайындау жолдарын қарастыруды да тапсырды.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Жандос Еркінбек мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадаға белсенді қатысқан мемлекеттік қызметкерлерді жүлделерімен құттықтап, арнайы Алғыс хат тапсырды.
«Қт» ақпарат
18 маусым 2023 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031