» » Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда

Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда

Аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы жиын өткізіп, ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Аудан әкімі жолдарды қардан уақтылы тазарту және инертті материалдарды себу жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының маңында полиция инспекторларының қызметін күшейту тапсырылды.

Бұдан бөлек, мұздықтардың еруінен туындайтын сел қауіптерін бақылау мәселесіне ерекше назар аударылды. Жауапты органдарға тиісті алдын алу шараларын ұйымдастыру тапсырылды.

Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты аудан тұрғындары мал сою бекеттерінде құрбандық шалып, мешіттерде құлшылық етеді. Осыған орай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мал сою және ауызашар беру рәсімдерін санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Алдағы Алғыс айту күні мен Наурыз мерекесіне байланысты іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылды. Аудан басшысы мерекелік бағдарламалардың сапалы ұйымдастырылуы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.
27 ақпан 2025 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031