» » Қармақшы ауданы әкімдігінде мәжіліс өтті

Қармақшы ауданы әкімдігінде мәжіліс өтті

Үкімет отырысынан кейін аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлының төрағалығымен геологиялық саланы және ауыл мектептерін дамыту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті.

Жиын барысында тиісті сала басшыларына жер қойнауын мақсатты әрі заңды пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жылу беру маусымының тұрақты өтуін бақылау және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Аудан әкімінің орынбасары жыл қорытындысы бойынша макроэкономикалық және нысаналы индикативтік көрсеткіштерде оң динамиканы қалыптастыру үшін тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
04 желтоқсан 2024 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031