» » Жедел штаб отырысы өтті

Жедел штаб отырысы өтті

Covid-19 инфекциясының жаңа штамм түрінің табылуына байланысты карантиндік шараларды күшейту жайлы аудан әкімдігінде жедел штаб отырысы өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Омаров төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелері мен мониторингтік топ жетекшілері, дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары қатысты.

Аудан көлеміндегі қазіргі ахуалға байланысты сөз алған аудандық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г. Төлепбергенова қазіргі жағдайды баяндап, жүргізілген жұмыстардың талдау қорындыларына тоқталып өтті.

Жедел штаб отырысы барысында аудан әкімінің орынбасары коронавирустық инфекцияның алдын алу жұмыстарын күшейтуді және тұрғындар арасында вакцинациялау шараларын түсіндіруді тиісті сала басшыларына тапсырды.

Сонымен бірге «Ашық» жобасына байланысты ойын-сауық орталықтарында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде орнатылуын қамтамасыз ету мен мониторингтік топтардың қызметін үйлестіруді жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 маусым 2021 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031