» » Жедел штаб отырысы өтті

Жедел штаб отырысы өтті

Қармақшы ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаровтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті.
Жосалы кентінің тұрғыны «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» диагнозымен тіркелу оқиғасына байланысты атқарылған жұмыстарды саралады.
Жедел штаб отырысына аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г. Төлепбергенова, аудандық аурухананың бас дәрігері Б. Нысанбаев, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің басшысы А.Серкешбаев және сала мамандары қатысты.

Жоғарыда аталып өткен оқиғаға байланысты қалыптасып отырған жағдай бойынша және науқастың қазіргі жағдайы туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г. Төлепбергенова мен аудандық аурухананың бас дәрігері Б. Нысанбаевтың хабарламалары тыңдалды.

Жедел штаб отырысын жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров кент және елді мекендерде мал қораларын, көше аймақтарын күл-қоқыстан тазарту жұмыстарын, уақ малдарды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын және кене шаққандар есебі жасалынып, диспансерлік бақылауға алу жұмыстарын күшейтуді тиісті сала басшыларына тапсырды.

«Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруының таратқыштары болып саналатын кенелер екендігі анық.

Жыл сайын «Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының» алдын алу мақсатында қауіпті маусымда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 мамыр 2021 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930