» » Вирустың алдын алу іс-шарасы пысықталды

Вирустың алдын алу іс-шарасы пысықталды

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Омаровтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жедел штаб отырысы өтті.


Штаб отырысына аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі басшысы, аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы мен жедел штаб мүшелері тиісті сала мамандары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сала мамандарының аудан көлемінде Covid-19 індетінің алдын алу мен бүгінгі күні атқарылған жұмыстары сараланды.

Жедел штаб отырысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров коронавирус инфекциясымен күресті күшейтуді және алдын алу жұмыстарын жүргізуді тиісті сала басшыларына қатаң түрде орындауды жүктеді.

Емханалар мен ауруханада карантиндік шараларды қатаң сақтауды, емханада екі айлық дәрі – дәрмек қорының болуын қамтамасыз етуді, тұрғындар арасында бетперде тағуды және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан ауру ошағы анықталған жағдайда шұғыл әрекет ету жұмыстарын ұйымдастыруды және саудан орындарында гигиеналық сақтандыру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.

Жедел штаб отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары көпшілік жиналатын орындарға күнделікті күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды ұйымдастыру күшейтуді, рейдтік жұмыстарды жүргізу кезінде облыстық бас санитар қаулысының талаптары бұзылған жағдайда заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
21 мамыр 2021 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 190

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930