» » Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі күшейтіледі

Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі күшейтіледі

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен аймағымыздағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі бойынша селекторлық мәжіліс отырысы өткізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары,
құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының басшылары, мектеп және колледж директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты.

Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын алдын алу, бейнебақылау мен дабыл түймелерімен толық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Мәжілісте облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет және полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Б.Ибраев білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігі бойынша баяндама жасаса, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Мирзанова мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына жолдау мәселесіне тоқталды.

Облыс әкімі орынбасары Нұрымбет Аманұлы Президент тапсырмасына сәйкес, барлық білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін 100% келтіру қажеттігін, білім нысанын инженерлік-техникалық жабдықталуын министрліктің №117 бұйрық талаптарына сәйкестендіру қажеттігін ерекше атап өтті.

Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігінің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында барлық білім беру ұйымдарында тоқсан сайын түсіндірмелік сабақтар ұйымдастыру, жасөспірімдердің білім нысандары аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттарын алып өтуін қатаң бақылау, білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жағдайына бірлесіп зерделеу жүргізу қажет. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы бойынша мүдделі мекемелермен бірлесіп білім ұйымдарында білім алатын ерекше күтім қажет ететін, есепте тұратын балалармен тиісті шаралар қабылдау қажет, - деді облыс әкімінің орынбасары.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

22 ақпан 2023 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930