» » Жол қауіпсіздігіне қатысты жедел мәжіліс өтті

Жол қауіпсіздігіне қатысты жедел мәжіліс өтті


Қармақшы ауданының прокуроры М.Маханбетжановтың төрағалығымен жол қауіпсіздігі мәселесіне қатысты ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске полиция және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен аудандық білім бөлімі, ветеринария станциясының басшылары және аудан орталығында орналасқан мектеп директорлары қатысты.
Күн тәртібіндегі аудан көлемінде орын алған жол көлік оқиғаларының себептері, бұл бағытта атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар кеңінен талқыланды.
Қайғылы жағдайларға себеп болып жататын жол белгілері, қараусыз жүрген малдар, алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік басқару, жол ережелерінің бұзылуы сияқты мәселелерге жеке тоқталып, проблемалық мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басталғанын ескере отырып, білім беру ұйымдарының басшыларына полиция қызметкерлерімен бірлесіп, балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қолдану тапсырылды.
Бұдан бөлек мәжілісте ағымдағы жылдың 8 айында өсім алған қылмыстар бойынша профилактикалық шаралар барысы талқыланып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті органдарға міндеттер жүктелді.

Қармақшы аудандық прокуратурасы

09 қыркүйек 2022 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 008
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 683

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031