» » Күн тәртібінде – кәмелетке толмағандар ісі

Күн тәртібінде – кәмелетке толмағандар ісі

ЖАҚЫНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰЛДЫЗХАН ЕРҚОСАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ЖИЫНҒА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Комиссия отырысының күн тәртібінде балалардың жол көлігі жарақатының алдын алу жөнінде қабылданған шаралар мен кәмелетке толмағандарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, темір жол аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау және аудандық білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарған жұмыстардың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Оспан Есжанов жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен болған көлік оқиғасының тіркелгені жөнінде хабарлама жасады.
– Былтыр аудан көлемінде кәмелетке толмағандар арасында жол көлік оқиғасына қатысты 3 дерек тіркелген. Жол қауіпсіздігі­нің алдын алу мақсатында аудан көлемінде қауіпсіз жол, автобус, жаяу жүргінші жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілсе, рес­публика бойынша «Абайлаңыз балалар» атты кеңейтілген іс-шара ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларға жолда жүру ережелерін таныстырып қана қоймай жол қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру. Осы уақытта жол жүру қауіпсіздігі ережелерін балалардың есіне жиі салып, мектеп оқушыларының амандығын сақтауға ауылдық округтерге бекітілген учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық полиция тобының қызметкерлері, білім ұйымдарынан мамандар тартылды, – деді ол өз сөзінде.
Бұдан бөлек кентте кәмелет жасына толмаған оқушылардың автокөлік басқарып жүрген фактілері орын алған. Осы жөнінде аудан әкімінің орынбасары кәмелет жасқа толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, оларды жоюға бағытталған шараларды жүргізуге және мектеп мұғалімдерімен жасақталған түнгі кезекшілік рейдті күшейтуді жүктеді.
Одан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе «Темір жол аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы» Жосалы станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы Кажденбек Алиевтің хабарламасы тыңдалса, үшінші мәселе бойынша білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу және патриоттық тәрбиелеу бағытында атқарған жұмыстар есебін аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова хабарлады.
Комиссия төрағасы Жұлдызхан Байназар­ұлы күн тәртібінде қаралған мәселелерді қорытындылай келе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті сала басшыларына жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
22 ақпан 2022 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 223

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 329

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930