» » Аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігінде комиссия отырысы өтті

Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысын Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Қойшыбаев Жандос Еркінбекұлы жүргізіп отырды.
Санитарлық карантиндік талаптарды сақтай отырып өткен жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары мен мектеп директорлары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлының хабарламасы тыңдалды.
Жиындағы екінші мәселе бойынша «Жалпы білім беретін мектептердің санитарлық қауіпсіздік профилактикалық шараларды ұйымдастыру туралы» аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Дуйсембаева Гулзия Караманқызы баяндама жасады.
Комиссия отырысының барысында аудан әкімінің орынбасары білім беру ұйымдарында карантиндік санитарлық талаптарды қатаң сақтауды, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жұмыстарды күшейтуді, кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық шараларды үнемі бақылауда ұстауды тиісті сала басшыларына нақылап тапсырды. Жиын қорытындысында комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлері тыңдалып, хаттамаға енгізілді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 қыркүйек 2021 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 513
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 315

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930