» » Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің мәжіліс залында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру орындарында бейнебақылау камераларын және дабыл қондырғыларын орнату мәселесі және оларды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімдеріне қосу мәселелері, жеке күзет қызметін пайдалану, турникеттермен жабдықтау бойынша ауданға қарасты барлық оқу орындарының директорларымен бірге жиын болып өтті.
Жиында бөлім бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі А.Амирбеков ертеңгі 1 қыркүйек Білім күні мерекесімен ұстаздар қауымын құттықтай отырып, күн тәртібіндегі басты мәселе балалардың қауіпсіздігі мәселесі туралы сөз сөйледі. Мемлекет басшысы биылғы жылды «Балалар жылы» деп атады. Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті.
Сонымен қатар, жиналысқа қатысушыларға балалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтауға бағытталған Республика көлемінде өткізіліп отырған «Абайлаңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі кезеңі басталғаны жеткізілді.

Қармақшы АПб Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
01 қыркүйек 2022 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

15 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 218
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031