» » Заңды білу – заман талабы

Заңды білу – заман талабы

Еліміздің болашағы - жастардың қолында. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті.
Полиция органдарымен бірлесіп, әрдайым орта білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары үзбей жүргізіліп келеді. №107 орта мектебінде 2021 жылғы 10 қараша күні Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Макешов Сағындық Мауленбекұлы жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, профилактикалық бағыттағы әңгімелесу жүргізді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор С.Макешов жасөспірімдерге құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, зиянды әдеттерден бойларын алшақ ұстауға, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияндығын, жыныстық тиіспеушілік, бөтен мүлік ұрлығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар да өз кезегінде тақырып аясына байланысты сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

11 қараша 2021 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 185
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 831

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031