» » Заңды білу - заман талабы

Заңды білу - заман талабы

А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында 7 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге «Ұлт бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аудандық «Ақмешіт адалдық алаңы» жоба жетекшісі Ш.Құндақбаев, аудандық полиця бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны А. Саулеев, аудандық «Демеу» еріктілер тобының жетекшісі, аудандық емхана қызметкері А. Мерекова қатысты.
Кездесудің мақсаты – оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау, адамгершілікке, адалдыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады.
Сонымен бірге «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелерінің мақсат – міндеттерін айқындап, жасөспірім жастан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мүлдем төзбеушілік көзқарастарын қалыптастыруды көздейді.
Келелі кездесуді 7 «А» сынып жетекшісі Қ. Көшеков жүргізіп, оқушылар мен қатысушылар арасында заң нормалары мен талаптары талқыланып, құқықтық кеңестер берілді.
22 қазан 2021 ж. 1 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 966
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930