» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Жосалы кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қызметімен танысты.

Алдымен аудан басшысы Балқы базар көшесінде орналасқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысын көріп, жас спортшылармен кездесті. Олардың дайындығы мен спорттық инфрақұрылымның жағдайын бағамдап, спортты дамыту бағытында ұсыныстарды талқылады.

Одан кейін жастар саябағы мен стритбол алаңының қазіргі жай-күйін көріп, олардың халыққа қолжетімділігін арттыру және күтіп-ұстау мәселелерін қарастырды.

Сапар барысында аудан әкімі «Шипагер» емханасының қызметімен танысып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға қатысты пікір алмасты. Сондай-ақ, балалар кітапханасының жұмысын көріп, жас оқырмандарға жасалған жағдайды саралады.

№20 «Толғанай» бөбекжай-бақшасына арнайы барып, балабақшадағы тәрбиелеу және білім беру процесін бақылап, ондағы материалдық-техникалық базаны жақсарту мүмкіндіктерін талқылады.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі әлеуметтік нысандардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

18 ақпан 2025 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930