» » АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Кеше аудан әкімі Жандос Еркінбек Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл және Ақжар ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды. 

Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйін бақылап, елді мекендердің санитарлық тазалық жұмыстарымен танысты. 

Аудан басшысы ауылдық округтерді аралау кезінде мектеп, балабақша, клуб үйі және балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысын қадағалады. Сала басшылары мен ауыл әкімдеріне бала қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттігін айтып, оларға сапалы қызмет көрсетуді және ыстық тамақтың талапқа сәйкес берілуін үнемі бақылауды міндеттеді.

Сонымен қатар, ауылдық округтердің әлеуметтік және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Одан кейін, елді мекендердегі мекеме басшыларымен және ардагерлермен жүздесіп, өзекті мәселелерді талқылап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Аудан әкімі жұртшылық тарапынан қойылған сауалдардың барлығына жауап беріп, сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
15 қыркүйек 2024 ж. 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031