» » ФОРУМДА ТЕҢІЗ ҰЛТАНЫНА СЕКСЕУІЛ ЕГУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНУДА

ФОРУМДА ТЕҢІЗ ҰЛТАНЫНА СЕКСЕУІЛ ЕГУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНУДА

Жаһандық жылынудың әсерінен 2050 жылға қарай ағын суға деген тапшылық 30 пайызға дейін артады.

Бұл туралы Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия халықаралық экологиялық форумында айтылды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жиынға бауырлас 5 мемлекетпен қатар Ауғанстан да қосылды. Әлемнің басқа де елдерінен жиналған экологтар ғаламдық және аймақтық проблемаларды бірлесіп шешу жағын талқылады. Форум 3 күнге созылады.
Ташкентте жиналған экологтар қоршаған ортаны қорғау мен оны орнықты дамыту жайын ортаға салды. Табиғи тепе-теңдікті сақтау мен жаңартылған энергия көздерін өндіру және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қала бермек.
Өйткені, ғалымдардың келтірген мәліметіне сүйенсек әлемде бір ғана пластик ыдыстардың қалдығы 300 мың тоннадан асып жығылады екен. Полиэтилен пакетін күннің көзі де шіріте алмайды. Сондықтан шашылған пластик ыдыстардан терең өңдеу арқылы ғана құтылуға болады екен.
Зулфухар Жолдасов, ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
- Қалдықтарды қайта өңдеуді 40 пайызға жеткізу жөніндегі жөнді жобамыз бар. Қазір тіпті сол қалдықтарды жерге көмуге тыйым салуға байланысты экологиялық кодексте бірқатар өзгерістер енгізілді. Белгілі бір тауарлар импортталған кезде мысалы, көлік пен доңғалақтар тағы басқа тауарларға төлем міндеттемелерін кеңейту сынды жеңілдіктер қарастырылған. Бұл қаржы қайта өндіру саласын ынталандыруға жұмсалады. Соның арқасында қазіргі таңда көптеген компаниялар осы іспен шұғылданады.
Форумда Орталық Азиядағы 5 мемлекет өзара ортақ өзен суларын тиімді пайдалану мәселесін де қарады. Өйткені, бауырлас елдердегі 55 миллонға жуық халық егіншілікпен айналысады. Қазірдің өзінде егістік алқаптардың 90 пайызы жасанды жолмен суарылады екен. Қатар келіп жатқан құрғақшылық пен климаттың өзгеруінен 2050 жылы ағын суға деген сұраныс 30 пайызға артады. Сондықтан заманауи технологияны көбірек ендіріп, суды барынша үнемдемесек, қуаңшылыққа ұрынуымыз әбден мүмкін. Экологтар осылай дейді.
Шах Заман Майванди, Ауғанстанның қоршаған ортаны қорғау агенттігінің бас директоры:
- Климаттың жаһандық өзгерісі, құрғақшылық пен ыстық ауа райы фермерлерге кері әсер етіп отыр. Жерлеріміз таулы болғандықтан аптапты ыстықта су болмаса, көкөніс қурап кетеді. Сондықтан біз суды үнемдеуді білеміз. Негізі экономиканы экологиядан бөліп қарамауымыз керек. Сонда ғана тепе-теңдік болады.


08 маусым 2018 ж. 1 500 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 05:13
Cephalexin Darvocet Priligy Medicina cheap cialis Can I Buy Nexium In Canada La Mejor Viagra Natural Celebrex Discount Program

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031