» » Израильде «ақылды қала» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

Израильде «ақылды қала» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

Израильде «ақылды қала» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады
Израильдің бірнеше қаласында бір мезгілде «ақылды қала» бағдарламасы іске қосылды.
Инновациялық технологиялар билікке автокөлік жолдарын, байланыс құралдарын, қоршаған ортаны, тіпті көлік тұрақтарын бақылауға мүмкіндік беріп отыр. 
Мынау – бүкіл қаланы басқаруға арналған орталық. «Ақылды қала» бағдарламасы жүзеге асып жатқанда, шаһардың тыныс-тіршілігі онлайн бақылауда болады. Ал мына мониторда қаланың жол қозғалысы көрсетілген. Жүргізушілер мен тұрғындар байқаматындай етіп, барлық қозғалысты назарда ұстауға болады.
Ицхак Раами, диспетчер:
- Мысалы, бір көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр делік. Кептеліс болып кетпес үшін бағдаршамның көмегімен көлік қозғалысын ыңғайлы көшелерге бағыттай аламыз.
Жол қозғалысын реттеу бағдарламаның бір бөлшегі ғана. Қала – қиын механизм немесе организм. Және ондағы тыныс-тіршілікті назарда ұстау оңай шаруа емес. Шаһардың су жүйесін бақылап, бұзылған нүктені табу үшін де арнайы технология ойластырылған. Қосымша қаланың әр түкпірінде бейнекамералар орнатылған. Бастысы, ол көріністің бәрін адам емес, бағдарламалар бақылап отырады. Ерекше құрылғылар әр аудандағы ауаның құрамын қадағаласа, қоқыс өңдеу жүйесі тіпті бөлек әңгіме.
Дов Цур, Ришон-ле-Цион қаласының мэрі:
- Қала пластик, органика, қағаз сынды үлкен көлемде қоқыс шығарады. Оны тек қоймада жинап жүре алмаймыз. Оған арналған аумақ та жоқ. Ал жағып жіберу қоршаған орта мен тұрғындар үшін зиян. Демек бізге оны сорттап, қайта өңдеу керек. Ол үшін жаңа технологияларды қолданып жатырмыз.
Қоқысты сортына қарай бөлу үшін су жүйесі ойлап табылған. Металл мен органика суға батып кетсе, пластик пен қағаздар бетінде қалқып жүреді. Осы арқылы қоқысты екі топқа оңай бөлуге болады. «Ақылды қала» бағдарламасы қаладағы қоқыс бөшкелерін де бақылауда ұстайды. Тек оларға қоқыс толығымен жиналғанда ғана арнайы көлік жіберіледі. Сондай-ақ автотұрақтардағы бос орындар компьютер арқылы қадағаланады. Бейнекамералар тыйым салған жерге қойылған көлікті бірден анықтайды. Енді тәртіп сақшылары заң бұзушыларды қала бойынша іздеп сандалмайды. Тек жүйе көрсеткен мекенжайға барса жеткілікті.
26 мамыр 2018 ж. 1 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031