» » Қытай астанасында көлік нөмірінің квотасы қысқартылды

Қытай астанасында көлік нөмірінің квотасы қысқартылды

Қытай астанасында көлік нөмірінің квотасы қысқартылды Бейжіңде кептеліс пен ауаның ластануын азайту үшін көлік нөміріне берілетін квота көлемі қысқартылды.
Қала билігі бұл шектеуді жыл сайын онсыз да 150 мыңнан асырмайтын. Енді жаңа автомобильдерге жүру құқығын беретін лицензия тағы 50 мыңға кеміді.
Бейжің билігі таяуда көліктерді тіркеуге лицензия беруді шектейтін арнайы заң қабылдады. Құжат бойынша 2018 жылы 100 мың көлікке ғана квота беріледі. Оның 60 пайызы қоршаған ортаны ластаймайтын, электрокарға арналған. Қалған 40 пайызы жанармаймен жүретін автомобильдерге бұйырады. Қала билігінің мақсаты – алдағы екі жылда Қытай астанасындағы автокөлік санын 6,3 миллионнан асырмау.
Лю Гуанбинь, көлік жүргізуші:
– Көп жылдан бері кезекте мемлекеттік тіркеу нөмірін күтіп жүрген жандар қаншама? Биліктің бұндай шараларды қолданып, нөмір беруді шектеуі олардың үмітін үзген шығар. Олар көлік жүргізсем деген арманынан айырылды.
Ресми Бейжің жаңа көліктерді тіркеуге шектеу қойып, қоғамдық көліктер қозғалысын реттеуге күш салып жатыр. Шаһардың 22 миллионнан астам тұрғыны жүріп тұруы үшін метро мен автобустарға бөлінетін қаржыны көбейтпек. Мысалы, 2020 жылға дейін дейін метро желісінің қашықтығы 900 шақырымға жетеді.
Чжан Ифан, Бейжің қаласының тұрғыны:
Меніңше, үлкен мегаполистерде осындай шара қолдану қажет. Бейжіңде көліктің көптігі соншалық, кептелісте сағаттап тұрасың. Сондықтан қоғамдық көліктерді дамыту дұрыс.
Жалпы Бейжің басшыларының қаланың экологиялық ахуалын жақсарту үшін барлық амал-тәсілді қолданып жатқаны белгілі. Мәселен, өз көлігімен жүрмей, қоғамдық көлікке отырған адамдар ақшалай ынталандырылады. Ол үшін автомобильге арнайы қондырғы қойып, жүру уақыты мен жұмсалған энергияны тіркеу қажет. Көліктен бас тартқан әр күнге, иесі 0,5 юань (25 теңге) ақша алады. Бұл бастамаға көпшілігі күмәнмен қарайды. Өйткені тәулігіне жарты юань үшін ешкімнің жаяу жүргісі келмейтіні анық.

15 ақпан 2018 ж. 1 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031