» » Бейжің тұрғындары жанұяда жалғыз баламен шектелуді жөн санайды

Бейжің тұрғындары жанұяда жалғыз баламен шектелуді жөн санайды

Бейжің қаласындағы отбасылардың көбі бір баланы өсірумен ғана шектеледі. Қытай астанасындағы тұрғындар арасында сауалнама жүргізген әлеуметтік және психологиялық жұмыс жөніндегі комитет осындай қорытындыға келді. 2001 жылы мегаполисте екі бала сүюді қалайтындар 70 пайыздан асса, қазір 58,6 пайызды құрайды.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Қазір биліктің жаңа саясатына сәйкес Бейжіңдегі әрбір отбасына екі бала өсіруге рұқсат. Алайда сәби сүюдің бұл мүмкіндігін барлық тұрғын пайдалана бермейді. Әлеумет және психология жөніндегі комитет жүргізген зерттеулер Бейжіңдегі тұрғындардың 72,6 пайызы бір баламен шектеліп отырғанын анықтады. Қос нәресте сүйгендердің үлесі 11 пайыздай (10,8%) ғана.
Сао Жианьин, Бейжің қаласының тұрғыны:
- Немеремізді шалымыз екеуіміз өзіміз бағамыз. Жасымыз келгенде бала күту оңай емес. Екі баланы бағу тіпті қиындап кететін сияқты. Осыны өсірсек те жетеді.
Бір отбасыға – бір бала» саясаты 2016 жылы жеңілдетілді. Халықтың басым бөлігі қартайып бара жатқандықтан, билік екінші бала тууға рұқсат берді. ҚХР денсаулық сақтау және бала тууды жоспарлау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылы дүниеге келген сәбилердің 51 пайызы отбасындағы екінші бала болып туды.
Ду Шинюуэ, Бейжің қаласының тұрғыны:
- Мен 1,5 жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Әлі бала көтеруді ойлап жүрген жоқпыз. Өйткені жұмыс көп. Өзім отбасында жалғыз өскендіктен, бірнеше сәби сүйгім келеді.
Мемлекеттік статистика басқармасының есебі бойынша былтыр 17 (17,23) милионнан астам сәби дүниеге келіді. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 18,5 миллионды құраған. Яғни, бала туу саны азайған. Халық арасында жүргізілген сауалнама қытайлықтардың неліктен екінші баланы тапқысы келмейтіндерін де анықтады.
Нұрбек Бекен, тілші:
- Отбасының көбі қаражаттың жетіспеуінен, жұмыс бастылықтан және бала күтімінен қорыққандықтан мұндай қадамға барғысы келмейді екен.
30 қаңтар 2018 ж. 1 230 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 09:17
Misoprostol Online Fast Shipping cialis overnight shipping from usa Amoxicillin Ampicillin Comprar Cialis En Farmacia De Andorra

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031