» » Қармақшы ауданы әкімі Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарымен кездесті

Қармақшы ауданы әкімі Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарымен кездесті


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың әл-ауқатын, тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Биылғы жылы Төретам және Ақай елді мекендерін газдандыру мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, көгілдір отын халық игілігіне пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Ақай ауылында 820 тұрғын үй, ал Төретам кентінде 1115 тұрғын үй газбен қамтамасыз етілген.

Инфрақұрылымды жақсарту бағытында Төретам кентінің Мамыр, Амангелді тұйығы және Мұратбаев тұйығы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 64,3 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, нысандарды қабылдау рәсімдері жүргізілуде.

Сонымен қатар, Төретам кентінде «С-тройка» өндірістік кооперативінің бетон бұйымдарын өндіру цехы іске қосылды. Аталған жобаны жүзеге асыруға «Ауыл-Аманаты» бағдарламасы аясында 24 миллион теңге несие бөлінген.

Ақай ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынып жатыр. Алайда, құрылыс сапасының төмендігіне байланысты нысан әзірге қабылданбай отыр.

Кездесу барысында Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің әкімдері халық алдында есеп беріп, тұрғындардың көтерген мәселелеріне қатысты түсіндірмелер берді. Аудан әкімі барлық сұрақтар мен ұсыныстардың назарға алынатынын және оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

18 желтоқсан 2024 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930