» » БАЙҚОҢЫРЛЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ БАЛ ДӘМІ

БАЙҚОҢЫРЛЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ БАЛ ДӘМІ

Елімізде кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсеткелі бүгінде ел аймағында шағын өнеркәсіп саласы кең қанат жайып, өркендеуде. Жұмыссыз жүрген жандар қолдаудың арқасында сүйікті ісіне қол жеткізіп, кәсібін дөңгелентіп халыққа пайдасын тигізіп жүр. Табыстың тетігі кәсіпте екенін түйсінгендер одан әрі бизнес жобасын дамытып үлкен іске қадам жасауда.
Байқоңырлық тұрғын Майя Елеусенова осыдан жеті жыл бұрын кәсіпке бет бұрған жандардың бірі. Алғашында үйден қолдан нан өнімдерін пісіріп, халыққа ұсынған. Кәсіпкердің өніміне сүйсінген жұрт кейін тапсырысты көбейтіп, жұмысының алға басуына сеп болған.
– Тәтті пісіруге қызығушылығым бала кезімнен басталды. Қазір қызығушылық кәсібіме айналуда. Бұл шыдамдылықты талап ететін кәсіптің түрі. Кейде ойыңдағы дүниені шығару үшін бір рецепті бірнеше рет қайталап жасауыңа тура келеді. Ептілік те тәжірибемен келеді. Тәтті өнімді жасаудан бөлек, адамдармен қарымқатынасың да бұл кәсіпте басты рөл ойнайды. Ақша табудан бұрын өзгеге пайдалы болуды, тұтынушының көңілінен шығуды мақсат тұтамын. 7 жылдық тәжіри бемде алғыс арқалап келемін. Тұтынушыларымның алғаусыз алғысы маған шабыт сыйлап, дамуыма демеу болуда, – дейді кәсіпкер.
Кешегіге дейін үйінде бәліш, чебуреки, тағы басқа нан өнімдерін пісіріп келген Майя үш ай бұрын мемлекеттен грант ұтып алғаннан кейін дүкен ашып, онда тек тәтті торт, кекс, пирог, мейрамханаларға дастарқанға қоятын тәттілерді пісіруді қолға алыпты. Қазір тапсырысы да күнделікті. Бұйырса жақын арада бір адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
– Шүкір, бүгінде жан-жақтан тапсырыс көп. Өзімнің тұрақты тұтыну шыларым да бар. Олар үйлеріне қонақ келетін болса алдын ала адам санын айтып, керек тәттілерге тапсырыс береді. Біз де соған қарай дастарқанға қоятын тәттілерді ықшамдап, тез пісіріп бере қоямыз. Қазір Төретам кентінде бір дүкенді жалға алып, сонда кәсібімді жүргізудемін. Алдағы уақытта жеке ғимарат алып, сонда көшу ниетім бар, – дейді Майя.

Кәсіпкеріміз бүгінде 3 ұл, 1 қыздың анасы. Ақтөбе қаласында оқып, мамандық меңгерген. Алайда бала күтіміне байланысты жұмысқа шыға алмаған. Бірақ қарап отырмай сүйікті ісімен айналысуды жөн көріп, кәсіпке келген. Оның бұл жоспарын құп көрген жолдасы да қолдау білдіріп, демеп отырған. Алдағы уақытта жолдасыммен бірігіп, кәсібімізді кеңейтеміз дейді сөзін түйіндеп.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 желтоқсан 2024 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 539

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 609

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031