» » Нарықта – жаңа наубайхана

Нарықта – жаңа наубайхана


Ел ішінде «Өңірдегі шағын кәсіпкерліктің дамуы нан мен астың арзандығынан білінеді» деген сөз бар. Ол рас. Нан – береке. Нан – байлық. Ауданда адалдық пен ерінбей еңбек етуді мақсат еткендер шағын кәсіптен-ақ көктеп, көгеріп отыр. Соның бірі – кент тұрғыны Тұрсынай Нұрмаханова. Ол жақында «Ақдильназ» атты жаңа наубайхананың жұмысын бастады.
Кәсіпкер бұл салада біршама жыл тәжірибе жинақтаған наубайханашы. Бастапқыда өзге наубайханаларда нан пісіруші болып, тәтті әлемнің қыр-сырына қаныққан. Уақыт өте келе өзі де наубайхана ашуды қолға алады. Осы мақсатта 2019 жылы «Бастау Бизнес» курсын тәмамдап, 2020 жылдың тамызында мемлекет ұсынған қайтарымсыз грантты иеленеді. Үй жағдайында қажетті құралдар алып, шағын кәсібін дөңгелетеді. Ал былтыр қосымша жеңілдетілген, яғни 6 проценттік несие алып, наубайхана құрылысын бас­тайды. Наубайхана өткен жылдың желтоқсанында тұтынушыларға есігін айқара ашты. Мұнда тәтті нандардың бір­неше түрі дайындалады.
– Жеке кәсіп ашуда қайтарымсыз грант пен жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі – мемлекет жасап отырған жақсы қолдау. Кім еңбекті жақсы көрсе, оған қашанда жанына жайлы жұмыс табылады. «Атамекен» бизнесті ашуда маған үлкен мүмкіндік берді. Бұл кәсіпті жүргізуіме отбасым, жолдасым қолдау көрсетуде. Ал мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілер көмек көп. Оны тек тиімді түрде пайдалану қажет, – дейді кәсіпкер.

Байқағанымыздай, ауданда кәсіп­кер­лік нысандар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Өйткені, өлкеде жеке іс бастаймын дегендерге жағдай жасалған. Мемлекеттен де, жергілікті билік тарапынан да тиісті қолдау көрсетіледі. Тек талпыныс болса, болғаны. Кез келген кәсіп түрін ашуға жол ашық. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, ау­данымыздың дамуына өзінше үлес қосып жатқан жандардың қатары күн санап көбейіп келе жатқаны қуантады. Өзінің туған жеріне жанашырлық танытып, ісін өркендетіп, елге пайдасын тигізіп жүргендерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Бастапқыда кез келген кәсіпте қи­ындықтар кезігері анық. Жұмысты бастар кезде әр кәсіпкердің басынан өтер жайт бұл. Алайда кейіпкеріміз табыстың сыры төзімділікте екенін айтады.
– Көпшілігі жұмысы ауыр ғой деп жатады. Алайда несібе өздігінен келе бермейді. Тура жүріп, адал еңбек етсең ғана түбі қайтарымы болады. Өз жоспарымыз бар. Содан адаспау керек. Мен негізінен Иіркөл ауылының тумасымын. Сонда өстім. Анам өмірден ерте өтті. Әкем бес перзентін өзі өсіріп, жеткізді. Ол бізді «жалқау, еріншек болмаңдар, еңбекшіл болыңдар» деп тәрбиеледі. Осы сөздер санамызға сіңгендіктен болар, еңбектен қашпаймыз. Бүгінде өзім де төрт перзент тәрбиелеп отырмын. Әкемнен алған тәлімді олардың да бойына сіңіремін. Себебі, адал еңбек бар жерде береке де бар. Бұл өмірде береке мен бірліктен, өзгені қуанту мен алғыс алудан артық нәрсе жоқ. Менің наубайханамның жұмысының алға басуы­на да себепші – халық. Өнімімді мақтап, тұрақты тұтынушыларыма айналған тұрғындарға алғысым шексіз, – дейді Тұр­сынай Бимұратқызы.
Кәсіпкер бүгінде дайын өнімдерін 15-16 дүкенге өткізеді. Одан бөлек, тұты­нушылардың қалауына орай тапсырысқа да тәттілер қабылдайды.
Ең бастысы «Нан болса, ән де болатыны» көкейіне құйып алған. Болашаққа бағыттаған жоспары да көп. Мақсаты – айқын, ниеті бекем. Нарыққа жаңадан қосылған наубайхана сапалы өнімдермен қуанта берсін!

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Ерсін СӘДУҰЛЫ (сурет)
29 наурыз 2022 ж. 769 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031