» » Үш адамды жұмыспен қамтыды

Үш адамды жұмыспен қамтыды

qarmaqshy-tany.kz Қазір елде халықтың әл-ауқатын жақсартуда Мемлекет тарапынан түрлі бағыттағы бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Ұлттық жоба» шеңберінде бизнес-жоспарды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант. Яғни, кәсіп ашамын деген жандарға берілген мол мүмкіндік. Тек өз жоспарыңызды мықтап дайындасаңыз болғаны. Соңғы кездері жоба шеңберінде өз бағытын тауып, ісін дөңгелетіп жүрген жас кәсіпкерлерді жиі кездестіріп жүрміз. Әсіресе ауыл тұрғындарының қызығушылығы жоғары. Бүгінде қайтарымсыз несие алып, кәсібін бастағандардың бірі – Айнұр Диқанбаева.

Кейіпкеріміз ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны. Ол көпшіліктің сұранысына ие, жеңіл әрі тез дайындалатын фастфуд өнімдерін сататын сауда орнын ашып, ауыл тұрғындарына дәм ұсынуда. Бұрын фастфуд тағамын үлкен қалаларда ғана жеп, тіл үйірген дәмін көпке дейін ұмытпай «Шіркін-ай, ауылда мұндай орын ашылмаған екен» деп армандағанымыз рас. Қазір бұл кәсіптің орайын тапқандар кез келген жерде ашып, оны үлкейтудің жолын жасауда. Осы жолды мақсат еткен кейіпкеріміз кәсібін тоқтатпай әрі қарай дамытатынын жеткізді.
– Нан өнімінен түрлі тәттілерді пісіруге бала күнімнен қызығушылығым жоғары. Қолымнан келгенін пісіре отырып тәжірибе жинадым. Кейін ауыл тұрғындарынан тапсырыс алып, өнімдерімді ұсыну арқылы көпшілікке көріне бастадым. Негізгі дайындайтын тағамдарым самса, тәтті нан, пицца, құймақ, тіске басар тәттілер. Әсіресе жастар жағы дөнерге көп тапсырыс береді. Осыдан кейін неге кәсіп бастамасқа деген ой келді. Сөйтіп мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алдым. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек, – дейді ол.
Айнұр жеңіп алған қаражатқа ең бірінші керек құрал-жабдықтарын алған. Осыған дейін барымен базар болған ол енді қалаған тәттілерімді пісіре аламын деп қуанышымен бөлісті.
– Кәсіпке келгенге дейін үйде анау-мынау пісіріп тапсырыс алып жүрдім. Содан түскен қаржыны жинап ең бірінші дөнер пісіретін пеш алдым. Осылай еңбектенудің арқасында бірлі-жарым құрылғыларға қол жеткіздім. Қазір жастарға мүмкіншілік көп. Тек ерінбеу керек. Кез келген істі бастағанда ол бірден болмайды. Сол үшін сабыр мен төзімділік керек, – дейді Айнұр Диқанбаева.
Жас кәсіпкер ауылдағы үш адамды жұмыспен қамтуда. Олар цехта екі кезекпен жұмыс істейді. Яғни, азанғы сегізден кешкі алтыға дейін екі адам нан өнімдерін дайындаса, түнгі сағат он бірге дейін бір адам сол жұмысты жалғастырады. Айнұрдың тез дайындалатын тағамына тапсырыс берген болсаңыз, оны жеткізіп беру тегін. Ал оның бұл бастамасына ауыл тұрғындары дән риза.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
22 қараша 2022 ж. 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031