» » Көшбасшылар бақ сынасқан сайыс

Көшбасшылар бақ сынасқан сайыс

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде мәдениет қайраткері Сұлтан Сармолдин атындағы «Үздік көшбасшы – 2024» клуб директорларының облыстық байқауы өтті.
Әуелі сахнадан мәдениет майталманының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетілді.
Байқаудың ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қармақшы ауданының мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарып, өнерге елеулі үлес қосқан Сұлтан Сармолдиннің еңбегін үлгі ретінде атап өтті.
Өңірдің мәдениет саласында жарты ғасырдан астам уақыт басшылық қызмет жасаған өнер жанашыры, мәдениет қайраткері, ұлт өнерінің жаршысы, «Сырдың сырбаз Сұлтаны» атанған біртуар тұлғаның өнегелі жолы баршаға белгілі. Ардагердің Сыр өңірінің рухани-мәдени өміріне сіңірген еңбегі еленіп, туған топырағы Дүр Оңғар ауылында 2015 жылдан бастап облыстық деңгейде «Үздік клуб», «Үздік клуб меңгерушісі», клуб қызметкерлерінің кәсіби байқауы және «Үздік жас маман» облыстық байқау жыл сайын жоғары дәрежеде ұйымдастырылып келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, «Үздік көшбасшы – 2024» облыстық байқауының куәсі болдық.
Дәстүрлі өнер додасына Қызылорда қаласынан және 6 ауданнан клуб директорлары қатысып, өзара бақ сынасты.
Қазір техниканың дамығаны, қатысушылардың жаңашылдығы, өнер сайысына тыңғылықты дайындықпен келгені көпті қуантты. Бірінен бірі оза шапқан додада шын мықтыны анықтау да оңай болмады.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Шиелі ауданы, Байсын ауылдық мәдениет үйінің директоры, І орын Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық клубының директоры, ІІ орын Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық клубының директоры, ал ІІІ орын Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылдық мәдениет үйінің директорына беріліп, бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Марапаттау рәсімінің соңында Сұлтан Сармолдиннің жары Күміс апай сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.
«ҚТ» ақпарат
14 қараша 2024 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 690

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031