» » Ұстаз есімі ұлықталған білім бәйгесі өз мәресіне жетті

Ұстаз есімі ұлықталған білім бәйгесі өз мәресіне жетті


Бүгін Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде Ұлы Отан соғысының ардагері Үсен Қошалақов атындағы математикадан пәндік олимпиада өтті.

Ұстаздық пен елдік іске еңбегін жеккен, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған арда азаматтың тағылымды өмірін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында биыл ХVI рет ұйымдастырылған дәстүрлі додада 30 білім беру ұйымынан 120-ға жуық жас математик өз білімдерін сарапқа салды.

Білім бәсекесінің нәтижесінде командалық есеппен №277 мектеп оқушылары топ жарып І – орын алса, ІІ – орынды №105 мектеп-лицейінің оқушылары, ал ІІІ орынды №80 мектеп-гимназиясының дарынды өрендері иеленді.

Жас білімгерлердің сайысын қорытындылау салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы мен білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, еліміздің болашағы білікті де білімді жастардың қолында екенін және жастарға артылар үміттің зор екендігін жеткізді.

29 қазан 2024 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031