» » МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың кітаппен дос болуы керегін үнемі еске салып келеді. Шынында да, бұл – дәл қазіргі сәттегі маңызды мәселенің бірі. Себебі кітап оқитын ұлттың руханияты да, мәдениеті мен әдебиеті де берік болары сөзсіз. Адамзатты игілікке бастайтын, ақыл-ойдың тамыршысы кітапқа деген қоғамның құрметі де әрқашан биік болмақ. Осы ретте рухани ордаға баланған кітапхана мен олардың шырақшысына айналған кітапханашылардың рөлі басым. Мемлекет басшысы кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына, заманауи сапасына, ақылды ұлт қалыптастыру жолындағы жоспарына ерекше маңыз қойып, тоқталып отыр. Биыл екінші рет тойланып жатқан кітапханашылар күні – осы салаға деген сындарлы істің нәтижесі.
Кәсіби мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов аудан кітапханашыларын қабылдады. Мерекелік іс-шараға кітапханашылар мен сала ардагерлері қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапхана жұмысын жандандыруға әркез көңіл бөліп келеді. Президент Ұлттық Құрылтайда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашуды, оның оқырмандары әлемнің әр түкпірінде басылып шыққан көркем шығармаларды, арнаулы әдебиетті оқи алатынын жеткізген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, аудан әкімінің қолдауымен сала жұмысын дамытуға үлкен жұмыстар атқарылуда. Өңірімізде де түнгі кітапхана жұмысын жүйелі жүргізуде. Алдағы уақытта да кітапхана саласының дамуына қолдау білдіреміз. Себебі кітап – құнды байлық. Кітапхана – адамдардың өміріне, болашағына ықпал етіп, жақсы бастамаға, жарқын болашаққа жол ашатын рухани қазынаның ордасы. Ал кітапханашы оқырманға кітап берумен ғана айналыспайды. Ол кітапхананың бай қорын сақтаушы және кітап оқуды насихаттаушы. Біз кітапханашылардың еңбегін әрдайым жоғары бағалап, қызметтеріне құрметпен қараймыз, – деді Самат Қыдырбекұлы.
Мерекелік іс-шарада сала ардагері мен қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Сала ардагері Гүлзира Сәрсенова кітапханашылық қызметтің қыр-сыры туралы айтып, мерекемен құттықтады. Ал білім нұрын себуші кітапханашылар қауымы әсем әнмен көп көңілін көтерді.
Осы ретте, кітап оқудың кереметі туралы айта кетсек. Негізінде оқуды әдетке айналдырған жанның ұтары көп. Кітап – рухани қазына, баға жетпес құндылық. Олай болса, құндылыққа жақын болу, оған сүйіспеншілік таныту, кітапты тұрақты серік ету – адами қасиеттің бір қырына айналғаны абзал. Неге десеңіз, оқу сауаттылығы – тұлға қалыптастырудағы маңызды көрсеткіштің бірі. Мектепте рухани-адамгершілікке, патриотизмге, еңбекке баулу сияқты, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру да тәрбие жұмысының басым бағыттарының біріне айналса дейміз. Бұл мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін дамытуға, кітап мәртебесін көтеруге, кітап оқуды әдетке айналдыруға зор ықпалын тигізері хақ. Мектепте кітаппен дос болған жан есейгенде де кітаптан қол үзбейтіні анық. Ал кітапханашы қауым кітапқа құмар әр жанды өзінің құндылыққа толы ордасында күтеді.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
25 қазан 2024 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031