» » Жалақымыз көбейді

Жалақымыз көбейді


2021 ЖЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫНДА КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ АЙЛЫҒЫН 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНАН
БАСТАП 20 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ КЕРЕКТІГІН АЙТҚАН БОЛАТЫН.
Міне, жақында әріптестерім көбейген жалақыларын алып, кітапхана саласына қолдау білдіргені үшін Президентімізге алғыс жаудыруда. Бұл кітапханашылар үшін үлкен әлеуметтік қолдау деп білеміз. Кітапхана – өскелең ұрпақ үшін ғылыми-ақпараттық, интеллектуалдық және білім беру орталығы болды және болып қала береді.
Мемлекет басшысы қаңтарда болған жағдайға байланысты ел тұрғындарына үндеу жасады. Онда «Енді Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» деді. Иә, Президентіміз атап өткендей, еліміздің шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл ел болып жұмыла атқаруымыз керек. Бірлігімізді бір арнаға жұмылдырып, жаңарған Қазақстанды құруда бар күш-жігерімізді салайық. Біздің күшіміз – бірлікте, қуатымыз – ынтымақта.
«Кітапхана – әр заманда, әр қоғамда қай халықтың да қасиетті құттыханасы, рухани қазынасы» деп кітапхана саласының қайраткері Н.Дәулетова айтқандай, біздер, кітапханашылар қауымы Мемлекет Басшысының саясатын әрқашан қолдаймыз.
Күлшара ҚАНИЕВА,
аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры
01 ақпан 2022 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 427
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930