» » Рухани қазынаның сақшылары

Рухани қазынаның сақшылары

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай бірқатар сала мамандарына қабылдау жүргізді.

Оған кітапхана саласында ұзақ жылдар қызмет етіп, бүгінде зейнет жасына шыққан сала ардагері Жұпаркүл Бердібаева мен кітапханашылар қатысты.
Мерекелік қабылдауда Самат Қыдырбекұлы ұлт пен ұрпақтың сабақтастығына айналған рухани қазынаның сақшысы һәм насихаттаушысы болған сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстап, жүрекжарды лебізін жеткізді.
– Әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін алтын көпірді байланыстырушы кітапхана мамандары. Ауданымыздың рухани-ағарту жолындағы еңбектеріңіз жандана берсін, – деді аудан әкімінің орынбасары өз құттықтауында.
Мерекелік іс-шарада айтыскер ақын Сырым Әділбеков арнау айтып, қабылдауда болған қонақтарға жырдан шашу шашты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
30 қазан 2023 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 972
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 603

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930