» » "Спорт күні" кәсіби мерекесіне орай мерекелік қабылдау өтті

"Спорт күні" кәсіби мерекесіне орай мерекелік қабылдау өтті


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы спортшылардың кәсіби мерекесіне орай бірқатар сала ардагерлері мен мамандарын қабылдады.

Аудан әкімінің орынбасары спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарындағы аудан спортшыларының халықаралық жарыстардағы жетістіктерін атап өтіп, көк байрағымызды асқақтатып, аудан мерейін үстем еткен спортшыларға алғысын білдірді.

Қабылдау барысында сала ардагерлері аудандағы спорт және бұқаралық спорт саласын дамыту үшін жасалып жатқан игі бастамаларға ризашылықтарын білдіріп, жаңадан ашылып жатқан спорт кешендеріне жас жеткіншектерді тарту бойынша ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар ауданымыздың 95 жылдығына орай өткізілген ауыл спортшыларының "Алтын күз-2023" спартакиадасының нәтижесімен ІІІ-орынды жеңіп алған Ақтөбе ауылдық округі, ІІ-орын алған Төретам ауылдық округі және 102 ұпаймен І орынды жеңіп алған Дүр Оңғар ауылдық округі командаларын марапаттап, бірқатар спортшыларға аудан әкімінің мерекелік алғыс хаттарын табыстады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 тамыз 2023 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 118
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031