» » Бәрі де бала бақыты үшін

Бәрі де бала бақыты үшін

Жұмада Жосалы кентіндегі «Дәметкен ана» балаларды оңалту орталығының ауласына түрлі шар ілініп, әсем безендірілді. Ерекше балалар мен олардың ата-аналарының, орталық қызметкерлері мен қонақтарының көңілі шат. Оған негіз де жоқ емес. Балалардың әлеуметтік оңалуы мен денсаулығына қызмет көрсететін мекеменің іргетасы 2018 жылы қаланып, бүгінде өз жұмысын жалғастыру үстінде. Орталық жыл өткен сайын арнайы мамандармен, заманауи құрал-жабдықтармен толықса, биыл қосымша құрылыс жұмыстарымен тағы бір мәрте жаңғыра түсті. Яғни спорттықоңалту бөлмесі қосылып, ғимараттың сырты жаңартылды. Мұндағы салтанатты жиынның басты себебі де осы қуаныштан туындаған болатын.
Спорттық-оңалту залының тұсаукесер рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков қатысып мейірім орталығының атқарып жатқан игі істеріне ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Сонымен қатар іс-шарада құрылыс жұмысына демеушілік жасаған «КНК Кемикал» қазақстандық мұнай-химия компаниясы» ЖШС бас директоры Әнуар Омарбеков, осы компанияның Қызылорда филиалының директоры Алтынбек Құлахметов, директордың орынбасары Арман Әбдіқадіров серіктестік атынан сәттілік тілеп, картина сыйға тарту етті. Мердігер компания атынан сөз алған «Тұран-Стройпроект ЛТД» ЖШС директоры Трофим Иосифович те ақжарма тілегін айтты.
– Біз «Алмалы» холдингіне қараймыз. Акционеріміз – Қайрат Боранбаев. Сол кісіге Дина Базаралықызынан көмек болса деген ұсыныс түскен. Қоспа құрылыс ерекше балаларға арналып салынған. Соған біздің серіктестігіміз демеушілік жасады. Қаңтарда жоба сметасы жасалса, міне қазан айында толықтай аяқтап, табыстап беріп жатырмыз, – дейді компанияның Қызылорда облысындағы филиал басшысы Алтынбек Құралбайұлы.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, «КНК Кемикал» қазақстандық мұнай-химия компаниясы» ЖШС заңгерлік қызметінің жетекшісі Салтанат Қалматаева, ерекше балалардың ата-аналары қатысты.
Ашылу салтанатында орталықтың бүлдіршіндері әннен шашу шашып, жиналған қауымды өнерлеріне тәнті етті.
«Ізденген жетер мұратқа» дегендей, туған жерге деген жанашырлықпен жеке қаражатқа тұрғызылған «Дәметкен ана» балаларды оңалту орталығының құрылтайшысы, «Алтын дәрігер» атағының иегері Дина Исмаилова келген қонақтарға аналық алғысын айтып, ақ тілегін арнады.
– Бүгінгі тұсауы кесіліп жатқан спорт залымызға «Аққозы» деген атау беріп отырмыз. Бұл келешекте жоспар бойынша спортклуб ретінде жұмыс істейтін болады. Бұйырса, клубымыз паралимпиадалық жарыс түрлерінен балалар дайындап, байрақты бәсекеге қатысуға мүмкіндік алады деген үмітіміз бар. Алдымызға осындай үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Өкінішке орай, Зәкең, жарым, марқұм Зарқұм Сартайұлы осы қуанышты күнге жете алмады. Екеуміздің бірауыз сөзімізді жерге тастамай, көмек қолын созған еліміздің паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вицепрезиденті, осы құрылыс жұмысына қаржылай көмек көрсеткен Қайрат Советайұлына, оның ұжымына риясыз алғысымды айтқым келеді, – дейді ризалығын жеткізген Д.Базаралықызы тұсаукесер рәсімінің қорытындысында.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
15 қазан 2024 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031