» » Ерекше балаларға көмек қолын созды

Ерекше балаларға көмек қолын созды


Бүгінде ерекше балалардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген құштарлығын арттыру жолында еңбектеніп жүрген мекемелер жетерлік. Өзгеге жылу сыйлап жүрген осындай мекеменің бірі – кент орталығындағы «Дәметкен-Ана» оңалту орталығы. Ерекше бала мен олардың ата-анасының сүйікті орнына айналып үлгерген орталыққа өткен жылдың жел­тоқсанында Нұр-Сұлтан қала­сынан Дариға Назарбаева құрған «Дегдар» қорының орынбасары Жанат Төлегенұлы келген болатын. Арнайы шақыртусыз келген қонақ орталық жұмысын көзбен көруге әдейі ескертусіз бас сұғыпты. Орталық басшысы Азиза Сатмаханова өздерінің бағыт-бағ­дарымен, мақсат-міндетімен таныстырды. Кейін барлық кабинет пен бөлмелерді, ауланы, қойманы аралап, алдағы уақытта «Дегдар» қорының атынан орталыққа көмек беретінін жеткізген болатын.
Жақында аталған қордың атынан «Дәметкен-Ана» орталығына 2 080 000 теңгеге 16 заттан тұратын гуманитарлық көмек келді. Оның ішінде гимнастикалық доптар, логопедиялық зонд, массажға арналған төсемелер, қиын балаларға арналған жүгіру жолы, құрғақ бассейндер бар. Бұл заттардың барлығы ерекше балалардың игілігіне қолданылмақ. Оңалту орталығының пайдалы дүниелермен толыққанына ондағы қызметкерлер де, ерекше балалар мен ата-аналар да дән риза.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
11 сәуір 2021 ж. 811 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930