» » Орталық онлайн қызмет етеді

Орталық онлайн қызмет етеді

Аудандағы ерекше балаларға қызмет ететін «Дәметкен ана» орталығы енді онлайн қызмет етеді. Бұл орайда уақыт талабына сай форматта жұмыс істеу үшін балаларға орталық көмегімен жағдай жасалды.
Жыл ортасында балаларды оңалту орталығы «Сорос-Қазақстан» қорының грантын жеңіп алу үшін 3 айлық мерзімге арналған жобаны қорғап, 3,5 миллион теңге жеңіп алған болатын. Өткен сенбіде орталық басшылары Зарқұм Сартайұлы мен Дина Исмаилова арнайы Алматы қаласынан келіп, жобаның презентациясын өткізді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, өңірдің бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат Смағұлов пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітов қатысты. Жиында сондай-ақ балалар мен ата-аналар, орталық мамандары да болды.
«Біріксек – біз күштіміз» деп аталған жобаның негізгі мақсаты ерекше балаларды оңалтуға қашықтан көмек беру. Бұл жоба аясында орталықта әдіскер, психолог, дефектолог, дене шынықтыру, еңбек тәрбиесі мамандары мен заңгер қызмет етеді. Ал үй жайында оңалту жұмыстарын еш қиындықсыз алу үшін орталық балаларына арнайы оқу құралдары мен Covid-19 вирусынан сақтануға арналған жеке қорғаныш құралдары табысталды. Сонымен қатар, орталықтың оңтайлы жұмысы үшін 5 ноутбук пен принтер, фото-видеоаппарат, теледидар мен арнайы құралдар сатып алынған. Онлайн жүйеде қызмет ету үшін 20 бейнеролик дайындалған. Айта кетерлігі, осы кезге дейін ерікті түрде қызмет еткен мамандар заң жүзінде еңбекақы алатын болды.
– Өскелең ұрпақтың дені сау, аманесен өсуі болашақ үшін маңызды. Міне, осы себеппен балғындарға көмектесу үшін біз жоба дайындадық. Іріктеуден өткен жоба 3,5 миллион теңге көлемінде грант алып келді. Жеңіп алған қаражат толықтай орталық пен балалардың игілігі үшін жұмсалды. Енді ата-аналар үй жайында бөбектеріне оңалту жұмыстарын жүргізе алады, ал біздің мамандар оларға көмектеседі, – дейді орталықтың негізін қалаушылар.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
02 қыркүйек 2020 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 251

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 352

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930