» » Орталықтағы оңтайлы істер

Орталықтағы оңтайлы істер

Өткен жылдың аяғында ауданда тағы бір игі бастама жүзеге асырылып, кенттен "Дәметкен ана" балаларды оңалту орталығы ашылған болатын. Алматылық Зарқұм Сартайұлы мен Дина Базарәліқызы ашқан орталықтың басты мақсаты – ерекше балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсету. Бүгінгі күнге дейін бірнеше игі істі атқарып үлгерген орталық тағы да жаңа бастаманы қолға алды.
Әлемдік пандемияның жаһанға тигізген зияны көп. Covid-19 талайдың тағдырын бұзып, экономика мен дамуға кері әсерін тигізді. Соның кесірінен қолдау мен көмекке мұқтаж ерекше балаларға да оңай түспеуде. Міне, осының алдын алу үшін аталған орталық "Сорос-Қазақстан" қорының жариялаған конкурсына қатысып, 3,5 млн теңге жүлде ұтып алды.
"Сорос-Қазақстан" қоры – 1995 жылы "Ашық қоғам" институты тарапынан Қазақстанда ашық қоғам құндылықтарын жылжыту үшін құрылған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Олар теңдік пен әділдік қағидаларын жылжыту, бюджеттің ашықтылығы мен есептілігін қамтасыз ету, толеранттылықты және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелеріне қолдау көрсетеді. Ал өз мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін Ашық қоғам институты (OSI) және «Ашық қоғам институты» қорынан (FOSI), сонымен қатар өзге де донорлық ұйымдардың гранттарын алады.
Аудандағы орталықтың конкурсқа қатысу үшін ұсынған бағдарламасы "Бірге – біз мықтымыз" деп аталып, мақсаты – карантин уақытында ерекше балаларға қашықтан қызмет көрсету. Басты ерекшелігі, мұнда ауыл балаларына қол ұшын созу болып табылады. Ұсынылған жоба барлық кезеңнен өтіп, бүгінде жеңіске жетті.
Енді оған сай дефектолог, психолог, педагог пен заңгер сияқты мамандар жұмыс істейді. Жаңа бастамаға мұндай жүйемен бұрыннан қызмет ететін АРДИ орталығы кеңестік-әдістемелік көмек көрсетпек. Айта кетерлігі, "Дәметкен-ана" оңалту орталығы Алматыдағы аталған орталықпен 2018 жылдан бері тығыз байланыста.
Орталық мамандары мен ерекше балалардың ата-аналарының күшін біріктіріп, балалардың өмірге деген құштарлығын арттырып, өз бетінше қозғалуға үйретіп, шығармашылық дамытуды көздейді. Бұл үшін төмендегідей жоспарлар жүзеге асырылады.
Ең бірінші, пандемияға байланысты 25 отбасыны қорғаныс құралдарымен қамтасыз ету, ол отбасы мүшелерінің денсаулығын бақылауға алу. Одан кейін, заманауи техникамен жұмыс істеуде үйрету мен интернеттегі сауаттылықты арттыру. Сондай-ақ, үй тапсырмаларын орындау үшін әр балаға альбом, қарындаш, ермексаз бен бояулар секілді түрлі қажеттіліктер сатып алынады. Ең бастысы, сабақтар әр баламен жекелей түрде, онлайн режимде шамамен 20-25 минут жүргізілетін болады.
Осы қиын кезеңде ол балалардың ата-аналары да күйзелісте жүргені рас. Сол үшін орталықтың мамандары ата-анаға өз күшін жинап, санаға сенімділік орнатуға психологиялық көмек көрсетпек. Өзінің ерекшелігі өзгеден қысылатын адамдардың жан дүниесін оятып, сенімсіздікті жою үшін орталық тынбай еңбектенуде.
Ал оңалту орталығының заңгері 25 отбасының әлеуметтік картасын жинақтаумен айналыспақ. Мемлекеттік әлеуметтік көмек әрбір отбасыға жету керек, сол үшін заң маманы консультация жүргізеді және туындаған сұрақтардың шешімін табуға көмектеседі. Ата-аналарға enbek.kz пен egov.kz секілді порталдада қызмет алуды да түсіндіреді.
Қазіргі таңда "Дәметкен-ана" оңалту орталығының мамандары бағдарлама үйлестірушісі әрі орталықтың басқарушысы Азиза Сатмаханова дайындық жұмыстарын бастап, әдістерін жоспарлауда.
– Қызылорда өңірінде ерекше балаларға карантин уақытында қашықтан қызмет етуді алғаш қолға алған орталықтың бірі – біз. Бұл бастаманы жүзеге асыруға зор үлесін қосқаны үшін "Сорос-Қазақстан" қорына алғысымыз шексіз. Конкурстан жеңіп алған ақшаның 70 проценті материал мен техникалық құралдарды сатып алуға жұмсалынатын болады. Ал жұмыс барысын "Дәметкен-ана" атты Facebook парақшасынан бақылауға болады, – дейді орталық басшылары.
Орталықтың алға қойған жоспарының ішінде – даму жетілдірудің жұмыстары жобаланған. Алдағы уақытта орталықтың аумағын арттырып, арнайы бөлме, асхана мен бассейн секілді түрлі жабдықтарды орнату күтілуде қойылған. Сондай-ақ, ойын және спорт алаңы, жылыжай мен гүл бақшасын салу да назарда бар.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

28 шілде 2020 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 070

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031