» » Мейірімге толы жүректер

Мейірімге толы жүректер

Бүгінгі таңда ерекше балалардың ой-өрісін қалыптастырып, өмірге деген құштарлығын арттырып, қоғаммен араластыру бағытында тәрбиелейтін мекемелер қатары аз емес. Соның бірі – ауданымыздағы «Дәметкен ана» балаларды оңалту орталығы. Жақында аталған мекемеде жаңа жылдық іс-шара өткізілді. Ерекше балаларға арналған шыршаға аудан әкімінің орынбасарлары Әділ Қошалақов пен Жарқын Омаров, кент әкімі Шыңғыс Сыдықов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зере Метеровалар арнайы келіп, мерекемен құттықтады. Одан бөлек «Ана мен бала» орталығының меңгерушісі Фарида Ергешқызы, жастар денсаулығы орталығының дәрігері Ұрқия Тұрмағамбетова, логопед Айгерім Қалжанқызы, невропатолог Айнұр Бимұхамедовалар арнайы келіп, бүлдіршіндердің қуанышты сәтіне куә болды. Шырша тойына келген ата-аналар мен бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен бірге шырша айналып, өнерлерін көрсетіп, қызықты ойындар ойнады. Мекеме құрылтайшылары Зарқұм Сартайұлы мен Дина Базарәліқызы да балғындардың қуанышына ортақтасып, келушілерге алғысын білдірді.
– Бұл балалар мүмкіндігі шектеулі емес, алтын балалар. Алланың берген сыйлары. Бұл балалар әкім болса деген тілегім бар. Әкім дегеніміз «ә» деген – әділетті, «к» – көпшіл, «і» – ілтипатты, «м» – мейірімді дегенді білдіреді. Осы қасиеттерді бойына сіңірген адам халықтың қалаулысы болары анық, – дейді Зарқұм Сартайұлы. Аудан кәсіпкерлері атынан балаларға арнайы сыйлықтар тапсырылды. Ата-аналар бұл шараға ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.
Дәл осындай мерекелік шара С.Есқараев атындағы №27 мектеп-лицейде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Әйгерім Оспанованың ұйымдастыруымен өтті. Ол өзі жетекшілік ететін 5 сыныппен бірге «Мейірім шуағы» атты мерекелік кеш өткізді. Бұл кешке аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов пен партияның аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі Күлжауһар Раева, үйден оқитын 3 оқушы аналарымен бірге арнайы шақыртылды. 5 сынып оқушыларының жыр шашуынан кейін сөз «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Бухановқа берілді.
– «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобасы аясында көптеген жұмыс жүргізілуде. Бұл жобалардың барлығы балалардың бақытты өмір сүруі үшін толыққанды жағдай жасауға бағытталған. Осындай ізгі бастама көтеріп, кеш өткізу үлгі боларлық іс, – деді ол.
Одан кейін талантты өрендер әннен шашу шашып, заманауи би билеп көпшілікті таңғалдырды. Бүлдіршіндер жүрек елжіретер мағыналы көрініс те қойды. Осы мектептің ардагер ұстазы, бүгінде партияның аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі Күлжауһар Раева бүлдіршіндерді келе жатқан мерекемен құттықтап, аналық ақ тілегін жеткізді. Шараға арнайы шақыртылған оқушыларға сыйлықтар тапсырылды.
– Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатым – балаларды мейірімділікке баулумен қатар, үйден білім алатын оқушыларға мерекелік көңіл-күйді сезіндіру, – дейді Әйгерім Оспанова.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
01 қаңтар 2020 ж. 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 087

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031