» » Ойын алаңы балалар игілігі үшін

Ойын алаңы балалар игілігі үшін

Балалар күні мерекесіне орай Жосалы кентіндегі Д.Мырзағалиева көшесінде жаңадан салынған спорт және ойын алаңының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, ардагерлер, кент әкімі мен бөлім басшылары және көше тұрғындары, балдырған балалар қатысты.
Іс-шарада Жосалы кентінің әкімі Алмасхан Досмұратов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, спорт саласының ардагері Еркін Атабаев жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ көше тұрғындарының атынан Кенішкүл анамыз ризашылығын жеткізсе, аудан ардагері Орынбасар Сариев балғын бөбектерді мерекесімен құттықтап, ақ батасын берді.
Шарада бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Иә, кентіміз күн санап көркейіп келеді. Айта кетейік, соңғы 3 жылда аудан көлемінде 17 балалар және спорттық ойын алаңы салынып, пайдалануға берілген. Оның ішінде аудандық бюджет есебінен 10, демеушілер есебінен 7 ойын алаңы салынды. Биыл Жосалы кентіндегі Д.Мырзағалиева және Ә.Жаназаров көшелерінде балалар және футбол алаңдары пайдалануға берілсе, Т.Көмекбаев, Алдашбай ахун ауылдарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
04 маусым 2024 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930