» » Орталық алаңда Аяз ата, Қарша қыз сыйлық берді

Орталық алаңда Аяз ата, Қарша қыз сыйлық берді

qarmaqshy-tany.kz  Бүгін, орталық алаңындағы жаңажылдық шырша жанында Жосалы кенті әкімінің мерекеге арналған ауқымды ертеңгілік іс-шарасы болып өтті.
Іс-шараға тұрмысы төмен, аз қамтылған 30 отбасының балалары мен көше тазалаушы 70 жұмысшы мен балалары шақырылды.
Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, жыл көлемінде аудан орталығында атқарылған ауқымды жұмыстар туралы баяндап, кенттің тазалығына, оның көркеюуіне еселі еңбектерін қосқан көше тазалаушы жұмысшыларға алғыс айта отырып, бірқатарына Қармақшы аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақовтың, «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Бухановтың және Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықовтың арнайы «Алғыс» хаттарын табыстады.
Бұдан кейін Жосалы кенті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев, кент ардагерлері Ш.Құндақбаев, Ә.Ұзақбаевтар жиналған қауымды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Ал, ертегі кейіпкерлері мен Аяз ата, Қаршы қыз балалармен бірге ойнап, сыйлық үлестіріп, мереке көркін қыздырды.
Мерекеге қатысқан ата-аналар мен балалар ұйымдастырушы Жосалы кенті әкімшілігінің ұжымына шынайы алғыстарын айтып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
30 желтоқсан 2022 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031