» » Адал іс абыройға бөлейді

Адал іс абыройға бөлейді

Бүгінгі күнді тарихи күн деп айтуға болады. Себебі, бұған дейін Жосалы кентінің әкімшілігінде жұмыс жасайтын қоғамдық жұмысшыларды құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі болмаған екен.
Жалпы кез келген істе төккен тер жауапсыз, нәтижесіз қалмайды. Адал іс абыройға бөлейді, адал еңбек ешқашан құндылығын жоймайды.
Осы ретте, бүгін Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы қоғамдық негізде жұмыс жасайтын Дәулетбаева Ажар мен Жұрманова Қаншагүл апаларамыздың ұзақ жылдар бойы көркейту, тазалық жұмыстарына қосқан қажырлы еңбектерін бағалап, Жосалы кенті әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.
Қазақы дәстүрмен иықтарына камзол, бастарына жаулық тартып, сый-сияпат жасалды. Бұдан кейін аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Мереков, Жосалы кенті ардагерлер Кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаевтар марапат иелеріне жылы лебіздерін білдіріп, Жосалы кенті әкіміне, ұжымның жұмысына сәттілік тіледі.
29 шілде 2022 ж. 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930