Құрылтай
» » Елдің атын ер шығарады

Елдің атын ер шығарады


Неше күннен бері Қазақ елін дүркіретіп, еліміздің көк туын мұхит асып желбіреткен, Мексика мемлекетінде өткен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионы болған жерлесіміз Сәулебеков Ерасыл Аянұлы мен оның бапкері Айдар Қойшыбекұлын және Ерасылдың ата-анасын Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы қабылдады.
Қабылдауға қатысқан Жосалы кентінің ардагерлері мен ұжым қызметкерлері спортшыны зор қошеметпен қарсы алды.
Шыңғыс Әбділәмитұлы Ерасыл мен бапкерінің спорттағы жетістіктерін саралай келе Жосалы кенті әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлық тарту етті.
Ал, намысты, қайратты ұл тәрбиелеп өсірген батырдың ата-анасына ерекше құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен әкесіне шапан киізсе, анасына камзол, ақ жаулық жауып, ықылас гүлін ұсынды.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Осы салада мықты спортшыларымыз шыңдалып, Қазақстанды әлемге мойындататын чемпиондарымыз көп болсын!
Іс-шара соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының құттықтау концертіне ұласты.

23 маусым 2022 ж. 1 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 606
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31